blog Images

“Ыбырайым ахун” мешітінде Ораза айт мерекесі аталып өтті

Ораза айт мерекесіне орай Бейнеу аудандық “Ыбырайым ахун” мешітінде Ораза айт мейрамы аталып өтті. 

Айт намазы оқылып болған соң мешіт ауласына киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік шаралар ұйымдастырылды.Ұлық мерекеде ұлттық спорт ойындары да ұлықталып,қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қол күресі   бойынша жамағат арасында сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы марапат пен қаржылай сыйлықтар  берілді.