blog Images

Рамазандағы игі іс «Тегін такси» акциясымен жалғасуда

ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Тегін такси» акциясы жалғасын тапты.

Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы.Ұлық айдағы игі іске мешіт жамағаты бір үйдің баласындай атсалысуда.Рамазанда “Тегін такси” акциясы аясында  арнайы таксилер қала тұрғындарын ешқандай ақы алмастан қажетті жеріне тегін қатынайтын болады.