Құран түскен айда мешітке “Құран сыйла Уақып ет” акциясы өтті
Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешіті ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан Құран түскен айда мешітке “Құран сыйла Уақып ет” акциясына үлес қосты.
Сыйлықтың төресі бұл – қасиетті Құран кітабы. Себебі Құранның әр бір оқылған әріпіне сауап жазылады. Осындай үзілмейтін сауапты үміт етіп мешітімізге қасиетті Құран Кәрім кітабы сыйға тарту етілді.Рамазан-Құран түскен ай.Осы,мешітімізге уақып етілген Құран кәрім кітабы Рамазан айында 1 ай бойы жамағатқа қазақша аудармасын оқытылып,мағынасын түсіндіріліп,жамағатқа дәріс өткізілуде.
Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жолға бастайтын, қасиетті кітап.Осы, орайда барша мұсылман қауымды ұлық айда, Құран түскен айда мешітке “Құран сыйла Уақып ет” акциясына үлес қосуға,сауапты амал жасауға шақырамыз!



