Баянды ауылдық мешіті:”Әжелер мектебі” құрылды
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы Дін мен дәстүр бағыты аясында Баянды ауылдық мешітінде ақжаулықты “Әжелер мектебі” құрылды.
«Әжелер мектебінің»құрудағы мақсаты – жас қыз-келіншектерге бағыт – бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі шаралар ұйымдастыру,салт-дәстүрімізді келешек жас ұрпаққа насихаттау.Жиында мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы игі шара шымылдығын ашып,әжелерміздің тек өз отбасының ғана емес бүкіл ел-анасы екенін тілге тиек етіп, әйелдің қоғамдағы рөліне тоқталды. Әйел-қыздар тәрбиесі баршамызға ортақ – аманат деген мешіт бас имамы әжелер мектебін бірлесе қызмет жасауға шақырды.


