Қызылсай ауылдық мешітінің бас имамы мектеп оқушыларымен кездесті
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Қызылсай ауылдық “Мұханмедин Шихыұлы”мешітінің бас имамы Бералы Жалғасбайұлы Қызылсай ауылдық №4 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Жалпы түсіндірме жұмыстары барысында Бералы Жалғасбайұлы “Тәрбие және діни экстермизмнің алдын алу” тақырыбында насихат айтты.Жиын барысында жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуінің себебі, діни экстремисттердің түпкі мақсаттарының не екендігін, оның алдын – алу жолдары талқыланды.Сондай -ақ,кездесу соңынан оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып,мешіт имамы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.

