“Ар-Рахим”мешіті «Өмірге үміт сыйла»акциясына үлес қосты
ҚМДБ «Зекет» және қайырымдылық қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында “Ар-Рахим”мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Жанашыр жамағат пен кәсіпкер азаматтардың қолдауымен 2-ші топ мүмкіндігі шектеулі Анетов Дәулет бауырымызға қуаныш сыйлап,жүріп тұруға ыңғайлы техника(самокат) сыйға берілді.Қайырымдылық көмек алған жан жанашыр жандарға алғысын білдіріп,еңбектеріне береке тіледі.

