“Шаңырақ” мешіті:Әйел-қыздар арасында білім сайысы өтті
“Ислам және отбасы құндылығы”жылы аясында Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаяны дәрістерінен қорытынды білім сайыс өтті.
Әйел-қыздардың діни сауатын арттырумен қатар білімдерін тексеру, жас зияткерлерді шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайыс30 сұрақтан тұратын тест түрінде өткізілді. Сайыс соңында жүлделі жеңімпаздарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
