blog Images

ЖАНТ мүшесі Келімберді ахун мешітінде жұма уағызын айтты

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында ЖАНТ мүшесі, Ақтау қалалық“Ержан хазірет”мешітінің наиб имамы Усенов Ғабит Әбдіғаппарұлы Мұнайлы ауданы,Батыр ауылдық Келімберді ахун мешітінде жұма уағызын жүргізді.

“Исламдағы көркем мінездің орны” тақырыбында жұма уағызын айтқан наиб имам адам баласы көркем мінезі арқылы бұл өмірде сыйлы, қадірлі болуымен қатар, ақырет күні де үлкен дәрежелерге ие болатындығын айтып өтті.

Алла Тағала біздерге көркем мінез бен пайдалы білім нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!