Жаңаөзен имамдары Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төралығымен Рамазан айына дайындық жиыны өтті.
Жиынға Жаңаөзен қаласына қарасты мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Облыс бас имамы Рамазан айы кезінде оның қадір-қасиеттері мен тәрбиелік маңызын бұқаралық ақпарат және көрнекі үгіт құралдары арқылы насихаттау, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша мешіттерде ауызашарлар беруді ұйымдастыру, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау қажеттігіне тоқталды.
Сондай-ақ,ауызашарларды ұйымдастыру мәселесі, тарауих намазында Құран хатымын түсіру, хатым оқылатын мешіттерді бекіту,мешіт аулаларында киіз үй тігу,Құран әліппесі мен намаз үйрену курстарын ұйымдастыру т.б. мәселелер имамдар қаперіне берілді.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы биылғы жылы 1-наурызда басталады.Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні халқымыз қасиетті Қадір түнін қарсы алатын болмақ. Ұлық мерекеміз – Ораза айты биыл 30 наурызға келіп отыр.






