Жаңалықтар

Жұма мүбәрак болсын: «Рахат Ислам» мешіті қайырымдылық жасады

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ», деп айтқан.

Осы хадисті басшылыққа алып, жұма күнінің қадір-қасиетіне терең бойлаған Жаңаөзен қаласы «Рахат Ислам» мешітінің имамдары «Бір аптада – бір игі іс» дәстүрлі жобасы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті.

Ізгі іс-шара барысында, мешіт имамдары мен еріктілер азық-түлік қоржындарын жағдайы төмен 15 жанұяның үйлеріне жеткізіп, қолма-қол табыс етті.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close