Жаңалықтар

ЖАНТ мүшесі «Ар-Рахим» мешітінің жамағатымен кездесті

Маңғыстау облысындағы Жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі Оспан Мұхамбетұлы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде болды.

Құлшылық үйінің жамағатымен өткен кездесу барысында ЖАНТ мүшесі, Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің имамы Оспан Мұхамбетұлы Ихсан іліміне қатысты, атап айтқанда «Көркем мінезді болудың артықшылығы» тақырыбында тартымды уағыз-насихат жүргізді.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Маңғыстау өңірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close