Жаңалықтар

Сайын Шапағатов мешіті: Мәуліт мерекесіне орай дастарқан жайылды

Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде Мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Сәбит Егізханұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан іс-шараға жергілікті ақсақалдар және құлшылық үйінің жамағаты қатысты.

Рухани кеш аясында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Абдурашид Абдурахманұлы Мәуліт жырын оқып, жиналған қауым пайғамбарлардың мөрі Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолдады.

Баршамызға Алланың рахымы мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты нәсіп болсын! 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close