Жаңалықтар

РАНТ мүшесі «Сүйінғара батыр» мешітінде

Маңғыстау жеріне арнайы жұмыс сапарымен келген Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде болды.

Құлшылық үйінің жамағатымен кездесу барысында Нұрәлі Бақытұлы «Тағдырға иман» тақырыбында уағыз-насихат айтып, адам тағдырына қатысты бірқатар мәселелердің басын ашып берді.

Кездесу соңында мешіт имамы Есбол Бегалыұлы РАНТ мүшесіне тұщымды уағызы үшін алғыс айтып, ризашылық білдірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері, елімізге танымал ұстаздар арнайы іс-сапармен еліміздің әр аймағына барып, бірқатар дәрістер өткізуде.

 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close