Жаңалықтар

Қарияға көмек көрсетілді

Ғасырлар бойы «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дәстүрі қазақы танымдағы негізгі қағидалардың бірі болып келеді. Халқымыздың көптеген дәстүрлері үлкендер мен жастардың қарым-қатынас жасау ережелеріне негізделген. Ұлттық әдептің бұл заңдылықтарын ұстану, оларды насихаттау бәріміздің асыл міндетіміз екені ақиқат.

Дінімізде жасы үлкенге, қарияға құрмет көрсету – негізгі өнегелердің бірі. Сүйікті пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес» деген хадисін хадисін ту еткен «Бейнеу» аудандық мешітінің имамдары тұрмысы төмен отбасыға көмек көрсетті.

Қайырымдылық шарасы аясында Асқар ақсақалдың шаңырағына газ өткізіліп, жылу тартылып, батареялар орнатылды.

Жасы қартайса да, көңілі қартаймаған қажырлы Асқар атамыз имамдармен сүбелі әңгіме өрбітіп, ақ батасын беріп, зор алғыс айтты.

Ұқсас жазбалар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close