Жаңалықтар

Қарақия аудандық мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.

Мешіт имамдарының ұйымдастыруымен, қайырымды жандардың демеушілігінің арқасында тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан 30 шақты жасөспірімге оқуға қажетті құралдар табыс етілді.

«Осы жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 30 шақты оқушыға көмек көрсетіп отырмыз. Әуелі Жаратқан Иеміздің қалауымен, одан соң жүрегі жұмсақ, пейілі кең, жомарт жандардың атсалысуымен 16 ер, 10 қыз бала мектепке қажетті құрал жабдықпен қамтамасыз етілді. Осы игілікті іске қолдау көрсеткен жандарға Алланың нұры жаусын. Алла тағаланың разылығы үшін жасаған садақаларыңыз қабыл болсын! Әрдайым бір-бірімізге жақсылық жасауға себепші бола білейік!», – деді Маңғыстау облысы Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Прманов Руслан.

Өз кезегінде, аталмыш оқушылардың ата-аналары бас имамға, мешіт ұжымы мен осы қайырымдылық іс-шарасының жүзеге асуына атсалысқан жанашыр азаматтарға алғыстарын білдірді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close