Жаңалықтар

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті 80 оқушыны қуанышқа бөледі

Жаңаөзен маңындағы Рахат ауылында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, жергілікті балалар қуанышқа бөленді.

Ізгі іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 50 ер және 30 қыз балаға арнайы мектеп киімдері үлестірілді.

«Дәстүрлі «Мектепке жол» іс-шарасы барысында әр баланың дене өлшеміне сай мектеп формасын сыйға тарттық. Бұл балақайлардың әрқайсысы оқу жылын үздік аяқтап, қажетті білім алып, ата-аналарын қуантады деген үміттеміз. Аталмыш іс-шараға демеуші болып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла сіздерге разы болсын!», деді «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің имамы Мангалбай Шахабуддин.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close