Жаңалықтар

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті: 100 адамға ауызашар берілді

Қасиетті айдың құрметіне өтіп жатқан «Рамазан айы мүбәрак болсын» қайырымдылық жобасы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде жалғасын тапты.

Кең көлемді іс-шара барысында, дін қызметкерлері және еріктілер ораза ұстаған 100 адамға арнайы дайындалған ауызашар қораптарын таратып берді.

«Қасиетті айда ауыз бекіткен жандарға арнайы ауызашар қораптарын тараттық. Игі шараға атсалысып, демеушілік білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын. Рамазан айындағы баршамыздың ұстаған оразаларымыз, істеген игі амалдарымыз қабылдыққа жазылсын», деді «Рахат ислам» мешітінің имамы Мангалбай Шахабуддин.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close