Жаңалықтар

Маңғыстаулық екі имам «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде сындарлы сәтте жақсылықтың жаршысы бола білген имамдар қауымына, мешіт қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, 19 өкілдіктің бас имамдарын «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттаған еді.

Жылдың қорытынды жиынында «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалі бас имамдардан бөлек өңірлердегі 68 имамға бұйырған болатын.

Бүгін, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығы негізінде ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Маманбаев Қайрат Қошкелдіұлы мен Бейнеу ауданының бас имамы Жанабаев Ұзақбай Түркменбайұлына «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медальдарын табыстады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close