Жаңалықтар

Маңғыстауға Атырау облысының имамдары арнайы келді

Маңғыстау облысына Атырау облысының бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы бастаған делегация арнайы іссапармен келді.

Жайық төрінен келген дін қызметкерлерін Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы күтіп алды.

Атыраулық делегация алдымен Бас мүфти бастамасымен іске асып жатқан «Darhan Dala» жобасы және «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын насихаттау мақсатында әулиелер мекені – Маңғыстаудағы «Шопан ата» жерасты мешіттері мен Оғыланды тауындағы «Бекет ата» мешітіне зиярат жасады.

«Алтынбек Ұтысханұлы бастаған Атырау облысының қала, аудан имамдары өңірімізге арнайы келіп, тарихи жерлерді аралауда. Қасиетті орындарға зияраттан бөлек, облыстық мешітте екі аймақ имамдарының қатысуымен семинар өтпек. Сондай-ақ атыраулық делегацияға облыстық Әбіш Кекілбаев мұражайын таныстыру және спорттық-мәдени іс-шаралар өткізгелі отырмыз» деді Әнуар қажы Ізімбайұлы.

Tags

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close