Жаңалықтар

Маңғыстау мешіттеріне Ихсан кітабы таратылды

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Маңғыстау облысының мешіттеріне үлестірілді.

Облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлының төрағалығымен өткен алқалы жиынға Жаңөзен шаһары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының бас имамдары қатысты.

Қайрат Қошкелдіұлы «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының өзектілігіне және маңыздылығына тоқталып, имамдарды бұл еңбекті насихаттау жолында барынша атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, ҚМДБ жанындағы «Muftiyat» баспасынан жарық көрген бұл танымдық кітап еліміздің түкпір-түкпіріне 10 мың данамен таралды.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close