Жаңалықтар

«Көп түкірсе – көл»: 2 000 000 мың теңге қайырымдылық жасалды

Бейнеу аудандық мешіті ұжымының және «Бейнеу шуағы» еріктілер тобының мұрындық болуымен екі кішкентай бүлдіршіннің еміне қомақты қаржы жиналды.

Еске салайық, осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде Нұрлан және Кәусар есімді ағалы-қарындас балапандардың екеуінің де бірдей екі бүйректерінің жұмыс істемеуіне байланысты, ауыр дертке шалдығып, арнайы құрылғымен өмір сүруге мәжбүр екендігі кімді болса да алаңдатпай қоймады.

Нәтижесінде жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен, жергілікті жомарт жандардың қолдауы және елдің көрсеткен демеушілігінің арқасында екі бүлдіршіннің анасы Гүлшат ханымға 2 000 000 (екі миллион) теңге табыс етілді.

«Дана халқымыз «Қуаныш бөліссе көбейеді, қайғы бөліссе азаяды» деп, қандай да бір іске жұмыла кететін әдетті қалыптастырған. Асар жасап, көмек қолын созу – қазақтың қанында бар ізгі қасиет. Осы қайырымдылық бұл сөздеріміздің нақты дәлелі. Алдағы күндері қос балапан елордамызға барып, тиісті ем қабылдап, Алланың қалауымен дерттерінен айығып кетеді деген ойдамыз», деді «Бейнеу» аудандық мешітінің наиб имамы Камалбай Юсупбайұлы.

Өз кезегінде Гүлшат ханым қол ұшын берген азаматтарға алғысын білдіре отырып:

«Баршаларыңызға Алла разы болсын! Сіздерге көп-көп рахмет!», деп айтты.

Tags

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close