Жаңалықтар

Ізгі істер жалғасын табуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені белгілі. Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің қызметкерлері тағы бір қайырымдылық шарасына ұйытқы болды.

Имамдар облыстық дін істері басқармасының психологымен біріге отырып, Сирия мемлекетінен «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 7 қандасымыздың отбасына азық-түлік апарып, ақшалай көмек көрсетті.

«Бұл мешіт тарапынан көрсетілген алғашқы көмек емес, бұған дейін де тағдырдың жазуымен жолдан тайғандарды оңалту үшін ізгі шаралар атқарылып келеді», деді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close