Жаңалықтар

Бейнеудегі Мәуліт кеші аудан деңгейінде атап өтілді

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айына арналған Мәуліт кештері Бейнеу ауданында жалғасын тапты.

Рухани іс-шараның алғы сөзін Бейнеу ауылының әкімі Расул Қосполатұлы алып, жиналған қауымды Мәуліт айымен құттықтады.

Бейнеу ауданының бас имамы Ұзақбай Түркменбайұлы екі дүние мырзасы Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихы туралы кішігірім уағыз-насихат айтып, бірқатар азаматтарға алғыс беріп, сыйлықтар табыстады.

Осыдан кейін «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры Мәуліт мерекесіне арналған ғибратты қойылымдарын қойып, діни әндер айтты.

Өз кезегінде Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Мәуліт жырын оқып, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жамағатпен бірге салауат айтып, сәлемдер жолдады.

Шарапатты Мәуліт кешіне келген аудан халқы ерекше әсерге бөленіп, өздерінің толқыныстарын жасыра алмай, іс-шара соңында ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Баршамызға Алланың рахымы мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты нәсіп болсын! 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close