Жаңалықтар

Баутино ауылында мешіт ашылды

Бүгін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Тезекбайұлы, Түпқараған ауданының бас имамы Дәурен Өрісбаев, жергілікті ақсақалдар және елдімекен тұрғындары қатысты.

Әнуар қажы Ізімбайұлы іс-шараға жиналған қауымды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мешіт құрылысына қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдіріп, елеулі үлес қосқан Исмаил Самед оглыға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс айтылды.

Осыдан кейін, облыс бас имамы жамағатпен бірге бесін намазын оқып, еліміз бен жеріміз үшін Жаратқаннан жарылқау тіледі.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close