Жаңалықтар

Бас имам Жаңаөзен имамдарымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына ат басын бұрып, жергілікті мешіттердің имамдарымен кездесті.

Аталмыш кездесу Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш Қожа» мешітінде орын алып, оған қалалық «1-ші мешіт», «Қосай ата», «Қызылсай», «Рахат Ислам» мешіттерінің дін қызметкерлері де қатысты.

Бас имам Ануар қажы Ізімбайұлы өз сөзінде: «Мешіттеріміздің есіктері жабық болғанымен, біздің қызметіміз тоқтамауы тиіс. Алланың үйіне көмек сұрап келген әр адамға қол ұшын беріп, барынша көмектесуіміз керек. Еліміз бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталғанын білесіздер. Осы қайырымдылық іс-шарасы аясында мүмкіндігінше белсенділік танытып, көп отбасыларды қамтуымыз қажет», – деп атап өтті.

Бұнымен қоса, жиын барысында онлайн дәрістердің жүйелі түрде жүргізілуі сияқты бірқатар мәселелер көтеріліп, бас имам Ануар Ізімбайұлы имамдарға тиісті тапсырмалар берді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close