Жаңалықтар

Бас имам Түпқараған аудандық мешітінде болды

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Түпқараған ауданына іс-сапары барысында жергілікті құлшылық үйінде болды.

Аудан бас имамы Дәурен Өрісбаев облыс бас имамына ғибадат үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырып,  атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.

Өз кезегінде Әнуар қажы Ізімбайұлы Түпқараған ауданының бас имамына ҚМДБ тарапынан бекітілген жеті бағыт бойынша және алда келе жатқан жазғы сауат ашу курстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close