Жаңалықтар

Бас имам «Сүйінғара батыр» мешітінде болды

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде болды.

«Сүйінғара батыр» мешітінің имамы Есбол Бегалыұлы облыс бас имамын ғибадат үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, атқарылып жатқан жұмыс бағыттары бойынша айтып берді.

Өз кезегінде Әнуар қажы Ізімбайұлы ауыл имамына алда келе жатқан жазғы сауат ашу курстары мен уақып және қайырымдылық бағыты бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close