Жаңалықтар

Бас имам мешіттің құрылыс барысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Түпқараған ауданына іс-сапары барысында Баутино елді мекенінде салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты.

Әнуар Ізімбайұлын Түпқараған ауданының бас имамы Дәурен Өрісбаев қарсы алып, бой көтеріп жатқан құлшылық үйінің жай-күйімен таныстырды.

Еске салайық, осыдан 1,5 ай бұрын да облыс бас имамы осы мешіттің құрылысымен танысып, оның аяқталуы мерзімі жайлы айтқан болатын.

Бұл мешіттен бөлек, Маңғыстау өңірі бойынша Ақтау қаласында «Ержан хазірет», Жаңаөзен шаһарында «Сәби Атабайұлы», Мұнайлы ауданының Дәулет және Батыр ауылдарында құлшылық үйлері бой көтеріп жатқанын еске салайық.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close