Жаңалықтар

Бас имам Баутино ауылындағы мешіт құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Түпқараған ауданына арнайы іс-сапармен барып, Баутино ауылындағы мешіттің құрылысымен танысты.

Бүгінгі күні аталмыш ғибадат үйінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осыған орай, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және Түпқараған ауданының бас имамы Дәурен Өрісбаев құлшылық үйінің қазіргі жағдайымен танысып қайтты.

«Алланың қалауымен, жылдың соңына қарай жұмыстар толығымен аяқталып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тамаша сый болады деп жоспарлап отырмыз. Мешіт құрылысына қаражат бөліп, қолдау көрсеткен барша азаматтарға, құрылысшы жігіттерге Алла разы болсын. Жасап жатқан еңбектеріңіз халық игілігі үшін жасалатын жария садақаға жататыны сөзсіз», – деді бас имам Әнуар Ізімбайұлы.

Бұл мешіттен бөлек, Маңғыстау өңірі бойынша Ақтау қаласында «Ержан хазірет», Жаңаөзен шаһарында «Сәби Атабайұлы», Мұнайлы ауданының Дәулет және Батыр ауылдарында құлшылық үйлері бой көтеріп жатқанын еске салайық.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close