Жаңалықтар

«Бағалай білмегенге бақ қонбайды» атты кездесу өтті

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы арнайы іс-сапармен Ақтауға келді.

Мәуліт айына орай ұйымдастырылған сапар барысында Нұрәлі Бақытұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен кездесіп «Бағалай білмегенге бақ қонбайды» тақырыбы аясында тартымды да, тағылымды уағыз-насихат айтты.

Еске салайық, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізге танымал ұстаздар арнайы іс-сапармен еліміздің әр аймағына барып, бірқатар кездесулер өткізуде.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close