Жаңалықтар

«Аялы алақан» қайырымдылық керуені: 200 отбасыға көмек көрсетілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал апамыздың 1 жылдығына орай ауқымды қайырымдылық шарасы өтіп, әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға көмек көрсетілді.

«Аялы алақан» қайырымдылық керуені аясында өткен іс-шара барысында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері, марқұм болған апамыздың рухына Құран бағыштап, Алла Тағаладан жарылқау тіледі.

«Жамал апамыздың атқарған істері мен қайырымдылықтары туралы қанша айтсақ та жеткіліксіз. Анамыздың есімі халқының есінде мәңгі қалмақ. Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ас-садақалардың орнына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасаңыздар деген үндеуіне үн қосып, ғазиз аналарының ізгілігін жалғаған ұрпақтарына алғыс білдіреміз. Алла Тағала садақаларыңызды қабыл етсін», – деді Әнуар Ізімбайұлы.

Бұл қайырымдылық көмек өңіріміздегі мешіттердің имамдары мен еріктілерінің атсалысуымен жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға үлестіріліп берілді.

 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close