Жаңалықтар

Аудан имамы «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты шараға қатысты.

1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты Маңғыстау ауданындағы «Көгез» этноауылы демалыс орнында ерекше білімді қажет ететін балалардың мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Шетпе психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараның негізгі мақсаты ерекше білімді қажет ететін балаларды қоғамда, ортада өнерге тарту арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Шараға Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов қатысып, балаларға жылы лебізін білдірді.

«Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Балалар еліміздің болашағы деп осы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады.

Ең алдымен осындай ерекше балаларымызды тәрбиелеп отырған ата-аналарымызға және де осы балаларға күлкі сыйлай білген Шетпе психологиялық-педагогикалық кабинеті басшысы Шынар Ідірісқызы бастаған ұжымға ерекше алғысымды білдіремін.

Бүгін бүлдіршіндеріміздің мерекесі. Осы мерекеде балаларымызға амандық, бақытты балалық шақ, ашық аспан, Еліміздің мақтанышы болып, ата-анасының қуаныштары болсын деп тілеймін!»,-деді Тілек Көшмағанбетов.

Салтанатты жиында 81 ерекше балаға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында жиналған бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, көрініс көрсетті.

Төрт сағатқа созылған шараға қатысқан бүлдіршіндер өздерінің ризашылықтарын білдіріп, керемет көңіл күйде қайтты.

Шара соңында 81 ерекше білімді қажет ететін балаларға аудан әкімдігі және «Шаңырақ» қоғамдық қоры атынан арнайы сый-сияпат табысталды, сондай-ақ, Маңғыстау ауданының аналар кеңесінің төрағасы Түймеш Абдуллаева да бүлдіршіндеріміздің мерекесіне өзінің үлесін қосты.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close