Жаңалықтар

Ақтау: Наиб имам жазасын өтеушілерге дәріс оқыды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Солардың бірі – жат діни ағымдар өкілдерімен жұмыс болып табылады.

Осы орайда Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Айдос Жамбылұлы қала маңындағы қылмыстық-атқару комитетіне қарасты ГМ-172/6 түзету мекемесіне барып, 40-шақты жазасын өтеуші жандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында наиб имам ихсан ілімі, оның негізгі мәні, мұсылманның тұлғалық келбетін қалыптастырудағы орны және өзге де өзекті діни мәселелер төңірегінде дәріс оқып, жазасын өтеушілердің көкейлеріндегі сұрақтарына толық әрі тұщымды жауап берді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close