Жаңалықтар

Алматы: «Қалқаман-2» мешітіне бас имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан «Қалқаман-2» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғар оқып, жамағатқа бас имам қызметіне тағайындалған Руслан  Қамбарды таныстырды. Ершат Ағыбайұлы «Қалқаман-2» мешітінің бұған дейінгі бас имамы, бүгінде наиб мүфти қызметіне ауысқан Кенжеәлі Мырзабаевтың сіңірген еңбегін ескеріп иығына шапан жапты. Жамағат алғыс білдіріп, дін жолындағы қызметіне жеміс тілеп, ізгі ниетін білдірді. Жаңадан тағайындалған бас имам Руслан Қамбарға сәттілік тіледі.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close