Жаңалықтар
«Әбіш қожа» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті

Бүгін Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Қасиетті жұма күні жүзеге асқан іс-шара барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 12 отбасыға ет және азық-түлік салынған себеттер үлестірілді.
Қасиетті жұма күнгі игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреміз! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің баспасөз қызметі