Жаңалықтар

73 құдық, 43 көпір ел игілігіне берілді

Халық даналығында: «Адамгершілікке арналған үш сауап бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап» деген сөз бар.

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыс бағыттарының бірі. Бүгінде қайырымдылық іс-шаралар облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылып келеді.

Жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 жылдыққа – 30 игі шара» атты қайырымдылық жобасы бекітілген болатын.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен, аймақтағы имамдардың ыждаһатты жұмысы мен демеуші азаматтардың көмегімен еліміз бойынша 1 жылдың ішінде өңірдегі елді-мекендерде 73 құдық тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға берілді. Сонымен қатар «30 жылдыққа – 30 игі шара» қайырымдылық жобасы аясында 43 көпір салынып, пайдалануға берілді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close