blog Images

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ МЕН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫНЫ ӨТТІ

Маңғыстау облыстық Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды жиын өтті.

Басқосуға Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы, Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы, Маңғыстау облыстық «Адалдық алаңы» жобасының басшысы Дайрабай Мамашұлы Үсіпбаев, сондай-ақ Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек қажы Нұрасылұлы,Маңғыстау облыстық әкелер одағының төрағасы Аллаберген Қонарбаев қатысты.

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай атқарылған жұмыстардың есебі таныстырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белгілеген төрт негізгі бағыт бойынша жауапты мамандар дәріс өткізді. Атап айтқанда, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр және отбасы, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша мазмұнды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы сөз сөйлеп, 2025 жылы бірлесіп атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен бөлісті.

Жиын соңында Маңғыстау облысының бас имамы  Әнуар Ізімбайұлы зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлерін ел бірлігі мен қоғам тыныштығын нығайту жолында бірлесіп, жүйелі жұмыс атқаруға шақырды. Сондай-ақ рухани-ағартушылық бағыттағы игі бастамаларды ортақ мақсат жолында үйлесімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.