Жетібай ауылдық мешітінде әйел жамағатына құрмет көрсетілді
Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр Үргенішбайұлы» мешітінде қасиетті Рамазан айы мен Ораза айт күндері мешіт жұмысына белсене атсалысқан әйел жамағатына құрмет көрсетілді. Аталған шара аясында мешіт ұжымы тарапынан арнайы кешкі ас ұйымдастырылып, дін қызметіне үлес қосқан аналар мен әпке-қарындастарға алғыс білдірілді.
Іс-шара барысында жамағатқа жылы лебіздер айтылып, олардың еңбегі жоғары бағаланып, рухани кеш ерекше әсерге бөленді.
