blog Images

Жазасын өтеуші 110 азаматқа ауызашар берілді

Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесінде ораза тұтқан жазасын өтеуші азаматтарға ауызашар дастарқаны жайылды.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы сотталған азаматтарды Рамазан айымен құттықтап, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан мекеме қызметкерлеріне алғыс айтты.