blog Images

«Жастар және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өтті

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамдары М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына және Ақтау көлік колледжінің студенттерімен кездесті.

Маңғыстау облысындағы Жастар ісі секторы филиалының ұйытқы болуымен жүзеге асқан «Жастар және ізгі қоғам» атты кездесу барысында наиб имамдар Ғабит Әбдіғаппарұлы және Ержан Бахитжанұлы білім алушыларға кішігірім насихат айтып, олардың көкейінде жүрген сан түрлі сұрақтарына жауап берді.