Жастар секторының ұйымдастыруымен шағын футболдан спорттық сайыс өтті
Маңғыстау облыстық Жастар секторы мен жамағаттың ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында ауызбіршілік пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.Тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша:
Жүлделі орындар:
І орын – «Ақыреттік бауырлар» командасы
ІІ орын – «Ұстаздар» командасы
ІІІ орын – «Бәдір» командасы
Жарыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз. Осындай тағылымды әрі пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
