Жастар ісі секторының жұмыс жоспары таныстырылды
Маңғыстау облысының имамдарына жастар ісіне қатысты сәуір айына арналған жоспар таныстырылды.
Жиында Жастар ісі секторының өңірдегі жауапты маманы Еламан Жұмабайұлы баяндама жасап, аталған жоспар аясындағы негізгі бағыттарды таныстырды.
Ол өз сөзінде өңір жастары арасында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, діни-ағартушылық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында мешіт жанындағы жастар жамағатын жандандыру, түрлі кездесулер мен тәрбиелік шараларды тұрақты өткізу, жастармен жұмысты жаңа форматта жүргізу мәселелері қозғалды.
Жиын соңында имамдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
