blog Images

Жас қариға кіші қажылыққа жолдама берілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірті Берік Оңғарбайұлы үшін бүгінгі жұма ерекше қуанышқа толы күн болды. 

Берік бауырымыз 2022-2023 жылдар аралығында «Ақтау» қайырымдылық мекемесінің қариы Асқар Әділбайұлының ұстаздық етуімен Құранның 30 парасын, яғни қасиетті кітабымыздағы 114 сүрені толық жаттап, 14 жасында қари атанды.

Осыған орай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жас қариға кіші қажылыққа жолдама табыс етіп, жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде Берік бауырымыз облыс бас имамына алғыс айтып, бұл жолдаманы жарық дүниеге келуіне себепші болған ардақты әкесіне беруге рұқсат алды.