ЖАНТ мүшесі түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Нұрмұхаммед Бахарамұлы жергілікті «Атамұра» мәдениет үйінің ұжымымен кездесті.
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асқан кездесу аясында Нұрмұхаммед Бахарамұлы мекеме қызметкерлерімен сұхбат құрып, олардың сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.