blog Images

ЖАНТ мүшесі «Қосай ата»мешітінде насихат айтты

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Адаев Оразбай Теңге ауылдық  «Қосай ата»мешітінің жамағатымен жүздесті.

Кездесу барысында имам «Ізгі іс жасаушылардың артықшылығы», «Сабыр» және «Ауызбіршіліктің маңызы» тақырыптарында уағыз-насихат жүргізді. Ол жамағатқа жақсылық жасау – мұсылманның ең асыл қасиеттерінің бірі екенін, әрбір игі істің Алла алдында сауабы мол екенін атап өтті. Сондай-ақ, кез келген қиындықта сабыр етіп, бір-біріне қолдау көрсету – иманның белгісі екенін түсіндірді.