ЖАНТ мүшесі «Оразмағанбет ахун»мешітінде насихат айтты
Қасиетті Рамазан айында Жант мүшесі, Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде насихат айтты.
Нұрмұхаммед Бахарамұлы жиылған жамағатқа «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында насихат айтып, қасиетті айдың маңызы, оразаның сауабы, кешірім мен ізгі амалдардың рөлі туралы кеңінен түсіндіріп, жамағатты рухани тәрбиелеуге бағыт берді.
