blog Images

ЖАНТ мүшесі «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде уағыз айтты

ЖАНТ мүшесі, Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешітінің ұстазы Әжімұқан Өтебақ  Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде болды.

Әжімұқан Өтебақ ұстаз құлшылық үйіне жиналған жамағатқа «Алланы зікір етудің артықшылығы» тақырыбында уағыз айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.