ЖАНТ мүшесі облыстық мешіт жамағатымен жүздесті
ЖАНТ мүшесі, Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы облыстық «Бекет ата» мешітінде жамағатқа дәріс оқыды.
Кездесу барысында «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем мінезі – ең үлкен сүннет» тақырыбында уағыз айтылып, пайғамбардың өнегелі өмірі мен мінез-құлқын үлгі ету қажеттілігі кеңінен баяндалды.
Жамағат дәрістен рухани әсер алып, пайдалы насихат тыңдады.





