blog Images

ЖАНТ мүшесі «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінің жамағатымен кездесті

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Қайрат Қошкелдіұлы Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінде болды.

Ақшам мен құптан намаздарының арасында өткен кездесу барысында Қайрат Қошкелдіұлы құлшылық үйіне жиналған қауымға «Жомарттық деп нені түсінеміз?» деген тақырыпта насихат айтып, осынау ізгі қасиеттің әрбір мұсылманның бойынан табылуы тиіс екендігін еске салды.