blog Images

ЖАНТ мүшесі «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде уағыз айтты

Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Нұрмұхаммед Бахарамұлы Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде болды.

Нұрмұхаммед Бахарамұлы бесін намазына жиналған жамағатқа «Ниса» сүресі аяттарының тәпсірін баяндап, уағыз айтты.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.